Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Екі ай жаттығып, ел чемпионы атанды

Осыдан екі ай бұрын Жамбыл ауылдық округінде «Батыр боламын» қоғамдық қорының демеушілігімен спорт зал ашылып, жас өрендердің жекпе-жек спортымен айналысуына жан жақты жағдай жасалған еді.

Жаңа спорт залдағы жаттығуға жаңаша қарқынмен кіріскен шәкірттер нәтижені де көп күттірген жоқ. Жақында Алматы қаласында спорттың «Пенчак-силат» түрінен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, аталмыш сында 45 келіде облыс намысын қорғаған Рамазан Керей ел чемпионы атанды. Алғашы бәсекелерде Жамбыл мен Ақтөбе облысының балуандарын жеңген Рамазан ақтық сында Қарағанды облысының спортшысынан басым түсті.

Осы орайда, Рамазанды аталмыш жарысқа дайындаған жеке бапкері Нұркелді Мақаш пен жекпе-жектің «Пенчак-силат» түрінен облыстың аға бапкері Айбек Нұрлыбековтің сіңірген еңбегі зор екендігін айта кеткен абзал. Сондай-ақ, жас өреннің ел чемпионатына дайындалып, жарысқа қатысуына зор үлеске қосқан ауылдың белсенді жасы Ақтілек Бисембайұлының септігі мол болды. Ендеше екі айдың ішінде ел чемпионы болған Рамазанның алар асуы биік болсын демекпіз.

 

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521