Ақтөбе қаласында бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Ким Константин Васильевичті еске алуға арналған №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі өтті.
Аталмыш жарыста ауданның былғары қолғап шеберлері де бақ сынап, нәтижелі өнер көрсетіп қайтты. Мәселен, миялылық Әлихан Іңірбай (28 келі) мен сағыздық Дәулет Абайұлы (48 келі) екінші орынды иеленсе, Ерасыл Меңдіғалиұлы (34 келі Миялы) мен Еркебұлан Муса (34 келі Миялы), Ғизат Тасқали (36 келі Миялы) үшінші орынға ие болды. Міне, осылайша ауданның былғары шеберлері де байрақты бәсекеде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жерде боксшылардың бабын келтіріп дайындаған жаттықтырушылар сағыздық Еркін Тұрғанов пен миялылық Мейіржан Сабыровтың еңбектері еселі.