Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ЖЕҢІСІ

Таяуда Алматы қаласында джиу-джитсудан ұлдар және қыздар арасында әртүрлі жас ерекшіліктері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен 1593 спортшы қатысып, жарыстың көрігін қыздырды.

Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғаған жерлестер жерге қаратпады. Атап айтқанда, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері ішінен Нұрсәт Арманұлы (69 келі) мен Әсем Қосай жарыс жеңімпазы атанса, Дарын Алғазы (48 келі) екінші, Іңкәр Бектасқызы (63 келі), Аягөз Бағытжанқызы (40 келі), Сабина Абайлар үшінші орынға ие болды. Бұл орайда, жасөспірімдерді аталмыш жарысқа дайындаған жаттықтырушысы Бектұр Тынышқалидың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн. Ел чемпионатында Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де зор нәтижеге қол жеткізді. Нақтырақ айтсақ, 69 келіде Берікболсын Жанболатұлы, 48 келіде Әділ Қайыржан, 32 келіде Дінмұхамед Шынтемірлер барлық қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақса, 52 келіде Әліби Тұрсынғали екінші орынға, +85 келіде Темірлан Ильяс үшінші орынға қол жеткізді.

Бұл ретте, жерлестердің дәл осындай нәтижеге қол жеткізуіне Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Аманжол Бекбаулиевтің үлесі зор. Енді бұл жарыста жеңімпаз атанғандар Тайланд елінде өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT