Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Былғары қолғап шеберлерінің жеңісі

Махамбет ауданында 13-17 қазан күндері спорт және еңбек ардагері, бокстан аудандағы алғашқы бапкер Алфарит Жұмалиевті еске алуға арналған 2008-2009, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирі өтті.

Турнирге Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Мейіржан Сабыров және аталмыш спорт мектебінің Сағыз бөлімшесінің жаттықтырушысы Еркін Тұрғановтың дайындаған жас боксшылар да қатысып, жеңіспен оралды.

Атап айтқанда, 26 келі салмақта рингке шыққан миялылық Әлихан Іңірбай мен 40 келі салмақта сағыздық Мадияр Жүсіп барлық қарсыластарын ұтып, чемпион атанса, Дәулет Абайұлы (48 келі, Сағыз) ІІ орынды, Арсен Қазыбекұлы (28 келі, Сағыз), Еркебұлан Муса (32 келі, Миялы), Самғат Шарифтер (36 келі, Миялы) ІІІ орынды иеленді. Ендеше, ауданда бокс спортын өркендетуде тер төге еңбектеніп, шәкірттерді баулып жүрген бокс жаттықтырушылары Мейіржан Сабыров пен Еркін Тұрғановтың еңбектеріне табыс тілеп, жас былғары қолғап шеберлерінің алар асуларының биік болуын тілейміз.

 

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521