Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БАУЫРЖАН

Таяуда Алматы қаласында дзюдо күресінен  жасөспірімдер арасында «Дарабоз» республикалық турнирі өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге тарта балуан қатысып, үш күн бойы Алматы татамиінде кім мықтыны анықтады.  Бұл додада 60 келі салмақта облыс намысын қорғаған сағыздық Бауыржан Тасубайұлы жеті белдесу өткізіп, барлығын да таза жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Бауыржанды бұл додаға дайындаған бапкері Сәлімгерей Нұрболғанов: 

 –Бауыржан өте еңбекқор балуан. Спорт залға келгенде физикалық, техникалық жаттығуларды жиі жасап, өзін әрдайым шыңдап отырады. Соның нәтижесінде осы жарыста күрескен жеті қарсыласын да бір деммен жеңіп шықты. Бұл Бауыржанның жасөспірімдер арасындағы соңғы жарыстарының бірі. Көп ұзамай жастар санатына өтеді. Сондықтан алдағы үлкен додаларға дайындықты осы бастан бастап, жастар арасында өзін дәлелдеуі керек, - дейді.

Ендеше Бауыржанның алдағы жарыстарына тек ғана сәттілік тілейміз.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT