Қазақтандық боксшы Дәулет Дәукенов 11-2, 5 КО) Оломоуцте (Чехия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәукенов никарагуалық Робин Саморамен (19-19, 9 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақта өткен кездесу 8 раундқа есептелген. Жеңген спортшы ТМД бокс бюросы, славян және балтық елдерінің екінші дәрежелі WBC белдігін алатын еді. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшыға берілді. Осылайша, Дәулет Дәукенов кәсіби бокс карьерасындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді және екінші дәрежелі WBC белдігін жеңіп алды. Ал Самора кәсіби рингте 20-шы рет жеңілді.