Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БІР АПТАДА ҚОС ЖҮЛДЕ

Соңғы жылдары аудан аяқдопшылары облыстан әрі асып, республикалық деңгейде зор жетістікке жетіп жүр. Соның жарқын дәлелі – Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футзал командасының қос бірдей турнирде жүлдегер атануы. Атап айтқанда, жыл соңында Қызылорда қаласында «AIDYN CUP» республикалық турниріне қатысқан аталмыш спорт мектебінің шәкірттері жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, нәтижесінде үшінші орынға қол жеткізді. Бұл жарыста жерлестеріміз ішінен Бақжанат Өмірғали «Үздік қорғаушы» атанды. 

Бұдан бір апта өткен соң сағыздық аяқдопшылар Алматы қаласында 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «HALYK OPEN CUP FUTSAL TROPHY» турниріне қатысты. 16 команда бақ сынаған жарыстың топтық кезеңінде жерлестер «Нұржәрдем», «Алмалы», «Қарасай» командаларын ұтты. Жартылай финалда Алматы облысының командасына есе жібергенімен, үшінші орын үшін болған тартыста «Жамбыл» командасын жеңді. Нәтижесінде республикалық турнирде үшінші орынға ие болып, Марлен Айбекұлы «Үздік қақпашы» атанды. Жасөспірімдердің қос бірдей турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінуіне Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футзал командасының жаттықтырушысы Ардақ Құлановтың еңбегі зор. 

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT