Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда онкологиялық науқастарға көрсетілетін әлеуметтік көмекке өзгеріс енгізіледі

Атырау қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әзірлеген нормативтік-құқықтық акт жобасында айтылған.

Қолданыстағы шешімге сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен оның мөлшері бекітілгенімен, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде онкологиялық науқастарға қатысты қолдау тетіктері шектеулі болды. Көмек алушылар тізбесі нақтылау мен кеңейтуді қажет етті.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету қағидалары жаңартылып, онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтар мен олардың балаларының заңды өкілдеріне материалдық қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жергілікті әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттырып, нақты мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталады.

Әзірлеуші органның мәліметінше, өзгерістер әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шешімнің қабылдануы әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыда ешқандай теріс салдарға алып келмейді.

Айта кетейік, аталған өзгерістер «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға және Үкімет бекіткен әлеуметтік көмек көрсетуге арналған үлгілік қағидаларға сәйкес әзірленген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT