Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

САЯСИ РЕФОРМА ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда еліміздің Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізу жайлы бастама көтерген болатын.

Соған сай елімізде Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамына заңгерлер, саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері мен түрлі саланың мамандары кіріп, комиссия мүшелері Астанада бас қосып, талқылауларды бастап кетті. Комиссияның алғашқы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин болашақ Парламентті президент ұсынысына сай Құрылтай деп өзгертуді тілге тиек етіп, онда сайланатын депутаттардың құзіреттері мен міндеттері жайлы айтты. Оның айтуынша Құрылтайдың депутаттар саны 145 болып, депутаттыққа кандидат тұлғаның жасы 25-тен асқан және соңғы 10 жылда ел аумағында тұруы шарт. Ұсынылып отырған жаңа өзгерістерге сай депутаттар 5 жылға, партиялық тізім бойынша сайланады. Бұл елімізде партиялардың кадрлық саясатын дамытып, институционалдық рөлін арттыруға септігін тигізіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін де күшейтеді. Құрылтай бір палаталы заң шығарушы орган статусына ие болады. Яғни, қабылданатын заңдар бұрынғыдай екі палатаның сүзгісінен өтіп, ұзақ уақыт алмайды. Ұсынылған Құрылтай ережесіне сай алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны айқындалады. Ал үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық тұрғыдан дұрыстығын қамтамасыз етеді. Ұлттық құрылтайдың отырысында президент «Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс» дегені белгілі. Яғни болашақ Құрылтайдың құрамын жасақтағанда бәріне бірдей мүмкіндік беріледі. Ал әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған париялық квота сақталады. Себебі бұл – Парламенттік емес, партиялық тізімдегі квота. Мұның барлығы конституциялық заңдар деңгейінде шешілмек. Қорыта айтқанда жақында ғана жұмысын бастаған Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері осы және басқа да мәселелерді талқылап, еліміздің саяси жаңғыруы жолында түрлі ұсыныс-пікірлерін ортаға салуда.

 Орынша ӘЖІҒАЛИЕВА,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT