Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Winter Festival өтті

Атырау қаласында қыс мезгілі мен Жаңа жылға арналған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға бағытталған Winter Festival өтті. Іс-шараның басты мақсаты — әрбір баланың өз қызығушылығына сай әрекетті еркін таңдап, қабілетін ашуына мүмкіндік беретін инклюзивті орта қалыптастыру. Фестивальді «Теңіз жүрегі» волонтерлік жобасының еріктілері ұйымдастырды.
 
Фестиваль аясында балаларға өздерін әртүрлі бағытта сынап көруге мүмкіндік беретін алты шеберлік сабағы ұсынылды. Атап айтқанда:
• имбирь печеньесін безендіру;
• арт-терапия және киізден сурет жасау;
• ермексаз арқылы шамдар мен айналарды сәндеу;
• телефондарға арналған брелоктар дайындау;
• қысқы тақырыпта сурет салу.
 
Ерекше балалардың ата-аналары үшін де жеке шеберлік сабағы ұйымдастырылып, күнделікті күйбеңнен бір сәт демалуға жағдай жасалды.
 
«Мұндай фестивальдер жылына төрт рет — қыс, көктем, жаз және күз мезгілдерінде өткізіледі. Әр фестивальге бақылауды сақтап, сапалы қолдау көрсету үшін 35–40 баладан қабылдаймыз. Әр шеберлік сабағында ТШО компаниясының қызметкерлері болып табылатын 3–5 волонтер нұсқаушы ретінде жұмыс істейді», — деді «Теңіз жүрегі» волонтерлік жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық шеберлік сабақтарының идеялары волонтерлер тарапынан ұсынылады, арнайы нұсқаушылар тартылмайды. Іс-шара балалардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін және дербестігін дамытуға, сондай-ақ ата-аналар мен педагогтер үшін жылы әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
 
«Тенгизшевройл» ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Хеймиш Полс атап өтті:
 
«Әрбір баланың өз мүмкіндігін көрсетіп, шығармашылықтан қуаныш алуына жағдай жасау біз үшін өте маңызды. Мұндай фестивальдер балаларға ғана емес, олардың отбасыларына да қолдау көрсетіп, қоғамның қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді».
 
«Теңіз жүрегі» жобасы «Тенгизшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, тәжірибе алмасуға, өзін-өзі дамытуға және волонтерлік дағдыларды жетілдіруге арналған алаң болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT