Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОРЖЫНДА ҚОС АЛТЫН

Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан аймақтық «SARAISHYQ MERGENDER»  лигасы болып өтті. Оған Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Атырау облыстарынан мергендер қатысты. Солардың ішінде, қос жерлесіміз алтыннан алқа тағынып, аудан намысын асқақтатып оралды.

Айталық, жоғары лигада өнер көрсеткен мұқырлық Жәнібек Саламатұлы жамбы атудан, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ризабек Амантайұлы қосымша лигада бірінші орынды жеңіп алып, аудан абыройын асқақтатты. 
Айта кетейік, мұқырлық Жәнібек Саламатұлы дәстүрлі садақ атудан Ұлттық құрама мүшесі. Өткен жылы Қазақстан Республикасы чемпионатытының садақ атудан "Пута" нысанасы бойынша және командалық сайыс бойынша чемпион атанса, "Дала мергені" әлем кубогінің "Қалқан" нысанасы бойынша ІІ орынға ие болды. Осы орайда, оған аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың атынан Алғыс хат табыс етілді. 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT