Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АШЫҚТЫҚ – ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

 Астанада Конституциялық комиссия ресми түрде жұмысын бастады, осы отырыста маңызды конституциялық мәселелер қозғалды. Бұл жаңалыққа бей-жай қарауға болмайды. Конституциялық түзетулер әр азаматқа әсер етеді. Ашық талқылау қажет. Жария жұмыс сенімділікті арттырады.

Тікелей эфирлер процестен тыс қалдырмайды. Азаматтар ұсыныстарды көре алады. Ақпарат сүзгісіз жетеді. Ашықтық – жауапкершіліктің белгісі. Жабық шешім күмән туғызады. Ашықтық тәуекелді азайтады. Сондықтан бұл тәсіл дұрыс. Комиссия жұмысына облыстық мәслихат төрағасы Муса Хайруллиев қатысуда. Ата заңға өзгерістер енгізу – үлкен жауапкершілік. Жаңа құжат жан-жақты зерделеніп, мұқият әзірленуі тиіс. Комиссия мүшелері барлық ұсынысты талқылап, жаңа реформаның үлгісін ұсынғанымен, түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Олай болса, конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр деуге болады. Осы отырыста, мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ: «Бүгін біз Конституция туралы айтқанда тек билік пен құқықтық нормаларды ғана емес, ұлттың болашақ алдындағы жауапкершілігін де ойлауымыз керек. Сондықтан табиғатты аялау, экологиямызды сақтау идеясы Конституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ құндылығы ретінде көрініс табуға тиіс. Мәдениет, Әділетті Қазақстанның Конституциялық негізі мемлекеттілік – тек заңдар мен институттар арқылы ғана емес, ұлттық рух пен мәдениет арқылы орнығады. Сондықтан мәдениеттің және рухани құндылықтардың рөлі Конституцияда айқын көрініс табуы тиіс. Дәл осы мәдени негіз халықты біртұтас ұлтқа айналдырып, қоғамдық бірлікті нығайтады, - деді. Комиссия мүшелері әр жиында ашықтық қағидатын сақтауға, әрбір азаматтан келген ұсынысты жіті қарауға ниетті.

Толқын БЕЙСҚАЛИ,

 аудандық мәслихат төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT