Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бауыржан – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

Өткен аптаның сенбісі күні Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешінінде 1999-2000 жылы туған жастар арасында Қазақстан чемпионаты өз жалауын желбіретті.

Оған еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 500-ден аса жас балуан қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Соның ішінде 73 келіде бақ сынаған мұқырлық Бауыржан Қасым алғашқы белдесулерінде Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының балуандарын ұтып, жартылай финалда Шығыс Қазақстан облысының спортшысына жол берді. Үшінші орын үшін болған белдесуде алматылық балуанды ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Сөйтіп, Қазақстан құрамасына алынған Бауыржан алдағы күндері байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, аталмыш жарыста 66 келіде топ жарған Ермек Амангелді мен 81 келіде чемпион атанған Серікболсын Шынтас та біздің ауданға бөтен емес. Ермек белгілі жаттықтырушы, мұқырлық Бимырза Тайжановтың ұлы болса, Серікболсынның әкесі Сағыз ауылында туып-өскен, бүгінде Мақат ауданында жаттықтырушы Ерлан Шынтасов. Демек, Атырау төрінде атой салып, жүлдегер атанып жатқан жас балуандар Қызылқоға топырағынан нәр алған десек артық айтқандық емес. Ендеше жеңістерің құтты болсын жас балуандар дейміз.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521