Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алтынға бергісіз күміс

Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері Белорусь елінің астанасы Минск қаласында ересектер арасында самбо күресінен әлем кубогының кезекті жарысы өтті.

Аталмыш жарыста 52 келіде өнер көрсеткен мұқырлық Аманжан Әбу алғашқы үш қарсыласын таза жеңіп ақтық айқасқа шығады. Финалда, ресейлік балуанмен шығып, тартысты өткен белдесуде сәл ғана ұпай айырмашылығымен ұтылып, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Аманжан бұған дейін екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, бір мәрте Азия чемпионы, бірнеше мәрте Әлем кубогы жарыстарының жүлдегері атанып үлгерді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521