Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балғын джиу-джитсушылар бәсекесі

Өткен аптаның сенбісі күні балалар жылына орай,  Сағыз спорт кешенінде джиу-джитсудан 8-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында аймақтық ашық турнир болып өтті.

Оған Атырау қаласындағы Самал, Тасқала, Дамбы, Сарықамыс спорт мектептерінен, Исатай ауды, Миялы, Сағыз ауылдық округтерінен барлығы 130-дан астам спортшы қатысып, джиу-джитсудың файтинг, неваза  түрлерінен сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев пен Сағыз ауылдық округінің әкімі Өтепберген Әділов сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң, татами төрінде бақ сынаған балғын джиу-джитсушылардың ішінде Сағыз бен Миялы ауылдық округтері спортшыларының шоқтығы биік болып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді.

65b1926f-dffc-4e9e-be5b-812b31ed9cb2

Айталық, 10-12 жас аралағындағы жасөспірімдер Әли Қуат (18 келі, Сағыз а.о.), Өркен Сұлтанбек (24 келі, Сағыз а.о), Аят Сергей (30 келі, Сағыз а.о.), Айбар Әбдіғалилар (36 келі, Сағыз а.о.) бірінші орынды жеңіп алса,  Әли Есболұлы (30 келі, Сағыз а.о.) мен  Ертарғын Қоңыр (32 келі, Сағыз а.о.) екінші орынды, Бекұлан Бейбітұлы (30 келі, Сағыз а.о.), Ерсұлтан Оңайбай (30 келі, Миялы а.о.), Айбат Қуаттар (32 келі, Сағыз а.о.) үшінші орынды иеленді. Ал, 14-16  жас аралығындағы джиу-джитсудың неваза түрінен Арнат Мақсот (38 келі, Сағыз а.о.), Азамат Мағзом (46 келі, Сағыз а.о.), Орынбасар Ырысбек (50 келі, Сағыз а.о.), Рамазан Ұзақбай (55 келі, Сағыз а.о.), Дәулет Қожагелді (55 келі, Сағыз а.о.), Сералы Тұманбай (60 келі, Сағыз а.о.), Бекзат Мағзомдар  (66 келі, Сағыз а.о.) бірінші орынды, Жеңіс Ниязғали (42 келі, Сағыз а.о.), Жеңісбек Қыдырбай (50 келі, Сағыз а.о.), Берікболсын Жанболатұлы (55 келі, Сағыз а.о.), Темірлан Ильяс (+55 келі, Сағыз а.о.), Ақниет Елеусіндер  (55 келі, Сағыз а.о.) екінші орынды, Саят Жұмағали (38 келі, Сағыз а.о.), Дарын Алғазы (38 келі, Миялы а.о.), Нұрхат Қазақбай (42 келі, Сағыз а.о.), Аман Ернар, Ақниет Жұмағали (екеуі де 46 келі, Сағыз а.о.), Алмаз Арманұлы (50 келі, Миялы а.о.), Ержан Ғали (55 келі, Миялы а.о.), Әділжан Жандос (+55 келі, Сағыз а.о.), Аманбай Жоламандар  (66 келі, Сағыз а.о.) үшінші орынды еншіледі.

Файтинг түрінде  сағыздық  Жеңісбек Қыдырбай (50 келі)  мен Берікболсын Жанболатұлы (55 келі) бірінші орынға ие болса, Жансерік Мақсот (42 келі) пен Әділжан Жандос (+55 келі)  екінші орынға, Арсен Жоламан (42 келі), Азамат Мағзом (46 келі), Ернар Аман (46 келі), Алмаз Арманұлы (50 келі, Миялы а.о.), Рамазан Ұзақбайлар (55 келі) үшінші орынға қол жеткізді.  Сөйтіп, жерлес жасөспірімдер  аудан намысын абыроймен қорғап, болашақтарынан мол үміт күттіретіндігін көрсете білді.

Бауыржан СИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521