Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстандық спортшы Токиодағы Паралимпиадада ел қоржынына алтын жүлде салды

Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен «алтын» иеленді, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Бұл салмақта француз Бурлон Аксель (165 кг) «күміс» жүлде, ал «қола» жүлде грек Бакочристос Димитриоске (165 кг) бұйырды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды.

Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастады. Жеке жаттықтырушы-Колесников Юрий Николаевич. 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде ол 185 кг-ға дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болды.

Айта кетсек, Қазақстан тарапынан 26 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызынан – 5 қыркүйек аралығында Токиода өтіп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521