Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл жастары доп тепті

Мұқыр ауылында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ауыл жастары арасында кіші аяқ доптан жарыс өтті.

Оған «Орталық жастары», «Бірлік», «Сағыз құрамасы», «2002 жылы туғандар», «Шанхай жастары» және «Жастар» командалары қатысты. Нәтижесінде, «Үздік қорғаушы» атағын Ислам Тұрғанбаев иеленсе, Бекзат Ержанов «Үздік шабуылшы», ал Самғат Рзалиев «Үздік қақпашы» атанды. Ал, «Сағыз құрамасы» І орынға қол жеткізсе, ІІ, ІІІ орындарды мұқырлық «Бірлік» пен «Орталық жастары» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз-жүлдегерлерге ауыл кәсіпкерлері Ербол Салықов, Қайрат Асанбаев, Смахан Маңғыбаев, Мәрзия Смағұловалар демеуші болды.

Лаура НАРИМАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521