Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауданда аймақтық ашық турнир өтті

Балалар жылына орай, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданында 2010-2012 жылы туған балалар мен жасөспірімдер арасында қазақ күресінен елімізге белгілі спортшы Нұрхат Қалдыбайдың еміне арналған аймақтық ашық турнир болып өтті.

Оған Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінен, Миялы, Тасшағыл ауылдық округтерінен спортшылар қатысты. Тасшағыл ауылдық округінен 35 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мансұр Аманқауысұлы І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ол қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен «Орал» спорт клубының ашық турнирінде ІІІ орынды иеленді. Осындай жетістіктермен қуантып жүрген Мансұрға биік белестерді бағындырып, арқасы жерге тимеген балуан бол деген тілек білдіреміз.

 

Айзада МАНАСОВА

фото ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521