Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Астана күніне орай волейболдан жарыс өтті

Атаулы мерекеге орай, Миялы спорт кешенінде волейболдан жарыс өтті. Оған ауыл жастарынан құралған 4 команда 50-ге жуық ойыншы қатысты.

Жарыс өз кезегінде тартысты, сәтті өтті. Турнир қортындысымен үздік ойын өрнегін көрсете білген "Бәйтерек" командасы жеңімпаз атанды.

2-ші орынды "Достық", 3-ші орынды " Қыран" командасы иеленді.

290620916_1620905794958259_9029145717805673184_n

Айзада Алмасқызы мен Еламан Ералхан турнирдің "үздік ойыншысы" атанды. Жарыс соңында Миялы спорт кешенінің волейбол үйірмесін тәмамдаушы бір топ түлектерге бөлім басшысы А.Ақтаев аудан спортының деңгейін көтеруге қосқан үлестері үшін ризашылық білдіріп, "Алғыс хат" табыс етті.

291863210_1620906228291549_7903598124638275977_n

Мереке жалғасы ашық аспан астындағы гала концертпен жалғасты.

"Жастар" паркіне жиылған ауыл тұрғындары мен қонақтары Астана күніне арналған сазды кешті тамашалады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521