Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық параспортшылар Қазақстан спартакиадасынан 19 алтын, 20 күміс, 6 қола жеңіп алды

«Нұр-Сұлтан қаласында параспортшылар арасында өтіп жатқан Қазақстан спартакиадасында атыраулық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетуде» деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. ​ ​

​Паракаратэден Атырау спортшылары командалық есепте 2 орынға табан тіреп,​ 2 алтын, 1 қола иемденді. Паратаеквондодан 3 алтын, 2 күміс иемденген Атырау спортшылары командалық есепте ​ 1 орынға табан тіреді. ​ Дзюдодан қанжығамызда 2 алтын, 2 күміс медаль бар. Осылайша, атыраулық парадзюдошылар командалық есепте 3 орын иемденді.

«Жеңіл атлетикадан атыраулық спортшылар 7 алтын, 14 күміс, 3 қола, ​ паражүзуден 5 алтын, 1 күміс, 2 қола иемденді. Шахматтан 1 күміс медаль Атырау спортшысының қанжығасында. Қазіргі уақытта,​ параволейбол, паратеннис, параголбол түрлерінен жарыс жалғасуда. Және алдағы күндері атыраулық спортшылар пауэрлифтингтен де бақ сынасады. ​ Қазақстан спартакиадасынан үздік шыққан спортшылар әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады» делінген Атырау облысы спорт басқармасы таратқан мәліметте. ​

Еске сала кетелік, 21 қыркүйекте басталған параспортшылар арасындағы Қазақстан спартакиадасы 5 қазанда аяқталады. Қазақстан спартакиадасына Атыраудан 79 параспортшы қатысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521