banner_damu

Атырауда дзюдодан қала әкімі кубогі үшін аймақтық турнир өтті

Дзюдодан Атырау қаласы әкімінің кубогіне арналған 2006-2007 жылғы ұлдар арасындағы командалық  турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнирге облыс палуандарымен қатар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының командалары да қатысты.

Жас палуандардың белдесуін тамашалауға Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысты.

Жас өрендерге сәттілік тілеген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев өңірде дзюдо күресі қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

" Облыста 20 мыңға тарта дзюдошы бар. Биыл Токио қаласында өткен паралимпиада ойындарында Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина күміс медаль иеленіп, еліміздің, облыстың мерейін үстем етті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында осындай  жарқын жетістіктерге жетіп жатқанымыз қуантады.

Халықтың әлеуетін көтеру бағытында да жасалып жатқан бірқатар істер  жүзеге асуда. Қатысушыларға жетістік пен жеңіс тілеймін!” деді Қайрат Құлымұлы.

Турнир қорытындысы бойынша, ақтық сында Атырау қаласы №3 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы әкім кубогінің иегері атанды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика