Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстанда балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық артты

Қазақстанда балалар спортын қолдау күшейтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Спорт министрлігі мәлімдеді. Ведомство балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) қаржыландырудың жаңа жан басына шаққандағы моделін әзірледі.

Жаңа модельге сәйкес, бір жас спортшыны дайындауға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 233 мың теңгені құраған.

Министрліктің мәліметінше, жаңартылған қаржыландыру жүйесі спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сапалы дайындыққа қолжетімділікті арттыруға және спорттық резервті тиімді дамытуға бағытталған.

Нәтижесінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-жаттығу процесінің сапасы жақсарып, жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілер үшін тұрақты жағдай қалыптасады деп күтілуде.

Айта кетейік, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту – еліміздің дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT