Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АРДАГЕР ДЗЮДОШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жақында Тараз қаласында өткен ардагер-шебер спортшылар арасында Қазақстан Республикасының ашық турнирінде облыс намысын қорғаған жерлестеріміз жүлделі орындарды еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, 30-34 жас аралығында 66 келі салмақта сынға түсіп, қарсыластарының барлығын ұтқан Роман Майлашев І орынды жеңіп алса, ақтық сында қарсыластарына жол берген Бүркіт Орынбасаров (40-44 жас, 66 келі) пен қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын жерлесіміз Нұрбек Баймұратов (50-54 жас, +100 келі) ІІ орынды иеленді. Ал, Атырау қаласында тұратын ағайынды Роллан (35-39 жас, 100 келі), Рауан (40-44 жас, 73 келе) Шакиевтар ІІІ орынға ие болды. Облыс намысын абыроймен қорғаған ардагер балуандар Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Осы орайда, балуандардың жарысқа барып-келуіне жеке кәсіпкерлер Октябрь Нұрадинов пен Құрманбек Жаңабаев демеуші болғандығын айта кеткен жөн.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT