Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Абылай – ел чемпионы

Түркістан облысының  «Алма-тау» спорт базасында парадзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен 100-ге тарта балуан қатысып,  екі күн бойы өзара кім мықтыны анықтады. Аталмыш сында облыс намысын қорғаған жерлестеріміз де жерге қаратпады.

Атап айтқанда J1 санаты бойынша 90 келіде белдескен Абылай Әділбеков Нұр-Сұлтан қаласының және Павлодар облысының балуандарын ұтып, ел чемпионы атанса, осы салмақтың J2 санаты бойынша облыс намысын қорғаған Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдені жеңіп алды. Осы орайда, жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысының  командасы  6 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен жалпы  командалық есепте бірінші орынға ие болды. 

 

Дулат МӘТЖАН

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT