Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы болып өтті.

Оған аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган өкілдері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық орталық аурухана мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Аудандық полиция бөлімінен акцияға байланысты бетшелер дайындалып, жергілікті халық арасында таратылып, хабарландыру тақтайшаларына ілінді. Сондай-ақ, құзырлы органдарға арнайы хаттар жолданып, аудандық басылым бетіне мақала жарияланды. Акция барысында, аудандық орталық кітапханада «Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның кеселі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, қоғамдағы кездесетін проблемалық мәселелер айтылып, оқырмандардың әртүрлі сұрақтарына нақты жауап берілді. Бұдан басқа, аудандық орталық аурухананың акт залында әйелдер арасында «Зорлық-зомбылықтың зардаптары және отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Оған «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов, аудан әкімшілігі мен аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып, Заңнамада көрсетілген отбасы саласындағы баптары бойынша түсінік берді. Сонымен қатар, Х.Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы және Жаңашаруа орта мектебінде, Мұқыр ауылына қарасты Мұқыр орта мектебінде «Бала әкеден тәрбие, анадан мейірім алады», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Бақытты балалық шақ», «Отбасы – адам баласының алтын бесігі» тақырыбында дөңгелек үстелдер, кездесулер өтті.

Аудандық полиция бөлімінің профилактикалық бақылау есебіне екі адам есепке алынса, оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әкімшілік құқық бұзушылықтарының төмендеуі байқалады. Бұл бағытта жергілікті халықтың, оның ішінде әйелдердің өз құқықтарының қорғалуына мән беріп келе жатқандығын көруге болады.

Бекзат ҚАРЖАУҰЛЫ,

аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ЮПТ-ның аға УПИ-ы,

полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521