Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Qyzylqoga.kz не дейді?»

Газет бетінде жарық көрген кез келген ақпарат жайдан-жай жазылмайды.

Оның өзіндік айтар ойы, жеткізер түйіні болады. Ал, оған пікір білдірген әлеуметтік желі қолданушыларының негізгі ойы басылым үшін аса маңызды. Ендеше, әр апта сайын сіздердің назарларыңызға «Qyzyzlqoga.kz не дейді?» деген айдармен оқырман пікірлерін ұсынамыз.

Өткен аптада «Жергілікті композиторлардың әндерін қаншалықты білеміз?» атты көлемді мақала жарық көрді. Иә, кім-кімнен сұрасаңда Сүйінғали Өтеуов, Жәкула Нұрғалиев, Ғиниятолла Есенғалиев, Кәдірбай Жолаев, Қалидолла Ізекеновтерді ерекше ықыласпен айтады. Алайда, бұлардың әндерін қаншалықты білетініміз мақалада ашып жазылады.

Гүлнар БАЛҒЫНБАЕВА:

Қасиетті Қызылқоға тума талант өнер иелері шыққан киелі мекен!!! Әлде де қойнауы бұрынғыдай малға толып, талантты жастарымыз өсіп-өне берсін. Мен де уақытында сол Қызылқоғаның мәдениетіне зор үлес қосқан адамдардың бірімін. Жоғары санатты өнер мектебінің ұстазымын. Ал, қазір зейнеткермін. Сыртта жүрсекте әр жаңалық, жақсылыққа қуанып, жақсы лебізімізді білдіріп жүреміз. Өсіп өркендей бер, киелі Қызылқоғам!

Газетіміздің №2 санында «Екпеден қашқанға ем қонбайды ал, мұны әрбір ата-ана түсінуі қажет» деген мақала «Фейсбук» қолданушыларының арасында талқыға түсті.

Дайра СЕЙТҚАЛИЕВА:

Егерде вакцина аурудан сақтаса, өкпе ауруымен адам неге ауырады? Қазіргі кезде өкпе ауруына шалдыққан адамдар ем алып тәуір болып емес тубдиспансерлерден сал болып тіпті өмірден өтіп жатыр. Мен вакцинаға қарсымын. Себебі, оның қалай тасымалданып, қалай сақталатынын көрдім. Бұл вакцина адамдардың денсаулығы үшін емес, белгілі бір адамдардың бизнесі үшін жасалынып жатырған нәрсе. Жалпы, ауру таралған кезде «вакцина алған адам ауырмайды» дегенді дәлелдей аласыз ба? Ауырып жатқан балалар вакцинация жасалғандар. Вакцинацияның орнына балалардың иммунитетін көтеретін препараттарды енгізсе дұрыс болар еді.

Жақында Тайсойған және Миялы ауылдық округтерінде «Тайсойған блогында 3Д Могт далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жиналыс болып өткен болатын. Ол «Тайсойған блогына сейсмикалық барлау қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасына сай жүргізіледі» деген тақырыпта жарық көрді.

Жасұлан КАДУОВ:

Сейсмикалық жұмыстар ештеңе емес, одан кейін басталатын бұрғылау жұмыстары, Тайсойган жерасты тұщы су корларын бұзу қауіпті?

«Фотоэтюд» жаңа айдарынан қызықты фотосуреттер, мұрағаттар алынған суреттер жариялануда. Сонымен қатар, әр мезгілдің ерекше көріністері де назардан тыс қалған жоқ. «Қыс қызығы» тақырыбымен газетіміздің №2 санында жарық көрген фотоэтюдте пікірлерге толы болды.

Гүлдария БЕРГАРИНА:

Туған жер ыстықсың-ау... Балалық шағым осылай сырғанап, шана сүйреп автобазаның төмпешігінде өткізгенбіз...

Gulmira MAKSOT:

«Қыс қызығы сырғанақ, Мен сырғимын зулап-ақ», – бұл қыздарымның сырғанақ тебуге шығардағы айтатын тақпақтары.

Жыл сайынғы округ әкімдерінің есеп беру жиыны сейсенбі күні Жангелдин ауылдық округінен басталды. Осылайша, әр округтің былтырғы жылы жасалған және атқарылар жұмыстары кең көлемде берілді.

Қанат ҒҰМАРОВ:

Бізде де жүріп жатыр. Күні кеше ғана Азғырдағы ауылдық округтерде болдық. Жалпы есеп беру жиынының маңыздылығы мұнда көптеген мәселелер көтеріледі, халық өзінің мұң-мұқтажын айтады. Сол арқылы округ әкімдерінің қызметі бағаланады. Сонысымен тиімді.

Сайт пікірлерін жинақтаған,

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521