Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жылыой жастары жасыл болашақ үшін жұмылды

Жылыой ауданының жас буыны туған өлкенің экологиялық ахуалына үлес қосып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында бірлескен бастама көтерді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Таза Аула – 2025» экологиялық байқауы аудан жастарының табиғатты аялауға деген жанашыр ниетін айқын көрсетті.

Биылғы байқау әлеуметтік желілермен тығыз байланыста өтіп, «ТазаАула2025» және «ЖылыойЖастары» хэштегтері арқылы қатысушылар өз аулаларында жүргізген тазалық жұмыстары, көгалдандыру белсенділігі және тұрмыстық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы үлгілі еңбектерін жариялап отырды. Бұл бастама желі қолданушылары арасында кең қолдау тауып, көптеген жас тұрғындарды игі іске жұмылдырды.

Байқау нәтижесінде ең көрікті әрі таза деп танылған аулалар арнайы марапатталып, көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Әлия Мыңбатырқызы І орынға, Мейрамбек Жарылқасынұлы ІІ орынға ие болып, ІІІ орын Гауһар Мыңбатырқызына табысталды. Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті насихаттаған ең үздік үш бейнеролик иесіне алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Шара барысында тек жастар ғана емес, аудандағы тазалыққа тікелей үлес қосып жүрген қызметкерлер де назардан тыс қалған жоқ.

«Жылыой тазалық» ЖШС-нің екі қызметкеріне еңбектері үшін арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сый-сияпат берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға сеп болады. Әр үйдің ауласы таза болса, ауданның да ажары арта түспек.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT