Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жыл қорытындысы: «Атырау облысы су арнасында» – жаңа жоба

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында: «Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға ұзақ мерзімге инвестиция тартудың негізгі шарты. Алайда, тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды. Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе» деген болатын, деп хабарлайды AtyrauPress 

Салада қалыптасқан проблеманы оңтайлы шешіп, жылдар бойына қордаланған күрделі ахуалды сауықтыру мақсатында «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында инвестициялық бағдарлама қабылданды. Соның шеңберінде мұнда межеленген жоспарлы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, тиісті нәтижесін беруде. 2023-2024 жылдарды қамтыған инвестициялық бағдарламаның қаржылай сомасы 284,3 млн. теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарлама негізгі активтерді жаңғыртуға, нысандарды жөндеуге, техникалар мен жабдықтарды ауыстыруға, сондай-ақ кәріздің желінің жұмысын жақсартып, судң берілісін арттыруға, сорғы станцияларының жәй-күйін техникалық-экономикалық зерттеп-зерделеуге бағытталған.

Инвестициялық бағдарламаның игілігі

«Атырау облысы су арнасы» КМК директоры Мейірім Қалауидің сөзінше, белгіленген шаралар бірінші кезекте кәсіпорынның өз қаражаты есебінен орындалады. Қажеттілігіне қарай жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы тартылады. Бағдарламада қарастырылғанындай, ең алдымен ескірген жабдықтарды жаңғыртып, материалдық-техникалық базаны нығайтуға назар аударылды. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру және тазарту, басқа да қызметтердің деңгейін көтеру арқылы тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасының арттыруға қол жеткізілді. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту бағытында бірнеше жобаға қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандарын сорғыларды, натрий гипохлоридін өндіру жөніндегі қондырғыны және арнаулы техникалар сатып алынды. Кәсіпорынның әкімшілік-өндірістік базасы жаңартылып, су мен кәріз құбырлары жөнге келтірілді. Бүгінде барлық қаржыландыру көзінен жұмылдырылған инвестиция мақсатты игеріліп, жоспарланған жұмыстардың толық көлемде және мерзімінде атқарылуына мүмкіндік туғызылып отыр.

ddddd

Ескі жабдықтар жаңартылды

–Арнаулы техникаларды сатып алу мен сумен қамту және суды бұру нысандарының жұмысын жақсартудан бөлек, біраз ауыз толтырып айтарлықтай шаралардың жүзеге асырылды. Мәселен, қаланың іргесіндегі Береке ауылында орналасқан тәуліктік өнімділігі 50 мың текше метр су сүзу станциясының құрылысы мәресіне таяды. Көп кешікпей іске қосылып, халықтың игілігіне беріледі. жұмыстары аяқталуда. Құрылысы аяқталған соң іске қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан басқа, биылғы маусым айынан бастап шаһардың су тазарту құрылғыларында мердігер мекеме «Агидель-Ас» ЖШС тұнбаладры құрғату станциясының құрылысын жүргізуде. Сол сияқты, тәуліктік қуаттылығы 180 мың текше метр бірінші су көтеру станциясының құрылысы бойынша жоба жасақталып, мердігер мекеме анықталды. Жуырда құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ, өнімділігі 60 мың текше метр болатын №6 су сүзу станциясының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Мердігерлердің бірі – «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС қала мен оның маңындағы елді мекендердегі апатты су құбырларын жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңін ( ұзындығы 30,7 км су желілерін жөндеу жұмыстары) бастап, одан әрі жалғастыруда, — деді кәсіпорын басшысы Мейірім Жоламанұлы.

Оның айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары «СМП-163», «Ардагер», «Жұмыскер», «Балықшы» шағынаудандарында, Сәтпаев, Құлманов, Досымов және Афанасьев көшелеріндегі су құбырларында жүргізіліп жатыр. Ал, «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-мен Атырау қаласындағы ұзындығы 25,2 км кәріз желілерін санация тәсілімен күрделі жөндеудің І және ІІ кезеңдерін орындауда. Әрине, жоспарланған жұмыстардың мұнымен бітпейтіні белгілі.
Айта кету керек, қаладағы 85 кәріз сорғы станциясының 45-і апатты жағдайда. Қазір мердігер мекемелермен 9 басты сорғы станциясында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес шахта және машина бөлімшесін жаңғырту, станцияның ғимараттарын бұзып, жаңадан салу, барлық инженерлік желіні, құдықтарды ауыстыру, сорап агрегаттары мен басқару шкафтарын орнату, бейнебақылау, желдету жүйесімен қамту және абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Сонымен қатар қалған 36 апатты деп танылған кәріз сорғы станциясын күрделі жөндеуге қатысты бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.
Осылайша, «Атырау облысы су арнасы» біртіндеп арнасына түсіп келеді.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT