Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Көңілге керемет шуақ сыйлайтын Ұлыстың ұлы күні Көздіғара ауылдық округіне қарасты "Самал" мәдениет үйінің алдында сән-салтанатымен аталып өтті.

Аталмыш округ әкімі Ернар Ізімовтің құттықтау тілегімен басталған мереке ұлттық киімнің шеруіне жалғасып, қасиетті Тайқазаннан көрініс көрсетілді. Бұдан соң, арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі сынды ұлттық спорт ойындары дәріптелсе, ауыл өнерпаздары тұрғындарға концерттік бағдарламасын ұсынып, ауыл халқының көңілдерін бір көтеріп тастады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп, "Ырыс" шаруа қожылығының мүшесі Мейрамбек Мизамов балық сатып, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер өз өнімдерін төмен бағада ұсынды. Мерекеге жиналған жұрт алғаусыз ниетпен жайылған ақ дастарханнан дәм татып, Наурыз көжеден ауыс тиіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, тарқасты.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT