ІІІ ұлттық құрылтай кезінде Парламент Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов техникалық мамандықтардың мәртебесін арттыруды ұсынды.
Халық қалаулысының пікірінше, еңбек нарқында инженерлерге сұраныс көп. Бүгінде бұл мамандық иелерінің орташа жасы 50 жасты құрайды. Келешекте олардың ізгі жолын жалғастыратын мамандар жоқтың қасы.
«Соңғы жылдары техникалық салаға мамандардың келуі күрт азайып кетті. Соның нәтижесінде, шахталарда, өндіріс басында білікті, тәжірибелі кадрлар саусақпен санарлықтай. Тіпті, Ұлытауда техникалық университет жоқ. Сондықтан техникалық кәсіптік колледж аяқтаған жастарға жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер жасалып, қарапайым еңбек адамының рөлі артуы тиіс, – деді Никита Сергеевич.
Естеріңізге салайық, дәл қазір Президенттің қатысуымен Атырауда ІІІ Ұлттық құрылтайдың мәжілісі өтіп жатыр.