Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жолдауды талқылады

Жақында аудандық сот ұжымы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады.

Онда алдымен сөз алған сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова:

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу және азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, олардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ал жемқорлыққа қарсы күресті күшейту әрқайсысымыздың міндеттіміз. Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйеле­ріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет. Сот органдардың әрекетіне қатысты шағымды қарайды және іс бойынша ақтық үкім шығарады. Мұндай тәсіл тежемелік және тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиімді саралау жүргізіп отыруға мүмкіндік береді. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуге тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек. Құқықтық мемлекеттің маңызды шарты – туралықтан танбайтын әділ сот төрелігінің болуы. Сот жарыспалы қағидат бойынша жүруге және судья айып­таушы жаққа тәуелді болмауға тиіс. Сол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады. Сот жүйесі ешкімге есік ашпайтын меңіреу мекемеге айналмауға тиіс. Жоғары сот кеңесі мен Жоғарғы сот жаңа кәсіпқой кадрларды сот төрелігін жүзеге асыруға тарту жұмысын белсенді жүргізгені жөн. Сот жүйесі салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік, корпоративтік құқық саласының мамандарына зәру болып отыр. Судьяларды іріктеу бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүргізілуге тиіс. Үміткердің қандай еңбегі арқылы жұмысқа қабылданғанын жұрт­шылық біліп отыруы керек. Дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажет. Бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашады. Он жылдай уақыт бұрын біз «Медиация туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек» деген болатын. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы соттарға азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз, ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналу керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады,- деді.

Талқылау барысында, судьялар мен сот мамандары Жолдауда қамтылған басқа да мәселелерге тоқталып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, қолдау білдірді.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521