Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалықтардың орташа жалақысы қандай?

Биылғы жылдың 1 тамызына дейінгі аудандағы халық саны 30736 адамды құрады.

Осы жылғы қаңтар-шілдеде туғандар саны – 455, тіркелген өлім саны 138 адам болды. Ал, ауданға қаңтар-шілде айы аралығында келгендер – 303 адам, кеткендер – 533 адам. Биылғы жылғы II тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 264757 теңгені құрады. Бұл былтырғы жылғы сәйкес тоқсанға қарағанда 35,1 пайызға артық. Ал, ірі және орта кәсіпорындарда 357337 теңгені құрап, 33,9 пайызға өсті. Сондай-ақ, қаңтар-тамыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12761 миллион теңгені құраса, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43,1 пайызға өсті. Ал, бөлшек сауда көлемі 1368,1 миллион теңгені, өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 51608 миллион теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1 пайызға кем.

Бұған қоса, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 8525,9 миллион теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 7778 миллион теңгені құраса, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 233,2 пайыз болып тұр. Сондай-ақ, 2020 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 6822 шаршы метр, нақты көлем индексі – 89,1 пайыз. Пәтерлер саны 47 бірлік. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2020 жылғы 1 қыркүйекке 176 бірлікті құраса, осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 146 бірлік.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1420 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі – 69,9 пайызды, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 3,8 пайызды, шаруа немесе фермер қожалықтары – 26,3 пайызды құрады.

Файзада САУҒАБАЕВА,

аудандық статистика басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521