Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Республикалық маңызға ие 277 шақырым тас жолдың бүгінде 60 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қазірдің өзінде 6 шақырымға асфальт төселген, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Құрылыс жұмыстарына 300-ге жуық адам, 150-ден астам техника жұмылдырылған. Жоспарға сәйкес, Атырау-Астрахан тас жолының 60 шақырымдық құрылысын аяқтау екі жылға жоспарланып отыр.

zhol2

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыстың жағдайымен танысып, мердігер мекемеге бірқатар тапсырмалар берді. - Бұл еліміздегі маңызы бар тас жолдардың бірі. Көршілес Ресей елімен байланыстыратын бұл тас жолмен көптеген көліктер қатынайды. Сол себепті бұл жолдың сапалы және уақтылы тапсырылуы қажет. Бұл жұмыстар оңтайлы іске асса, жолаушылар уақытын екі есе үнемдейді. Сонымен қатар, Ресеймен екі жақты қарым-қатынас нығайып, сауда-саттық саласы дамитын болады, - деді аймақ басшысы.

Атырау-Астрахан тас жолының ені 9 метр, конструкциялық қалыңдығы 65 см болады. Тас жолдың бойында орналасқан барлық елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынбақ. Тас жолдың 60 шақырымында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме, қалған 217 шақырым жолдың 80 шақырымын жөндеу үшін құжаттарды рәсімдеуде. Құжаттар реттелісімен жұмыстар басталатын болады.

Атырау облысының Өңірліккоммуникациялар қызметі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика