МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫНА АЙНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Астрахан облысының Алтынжар ауылында орналасқан Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында болды, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

2005 жылы салынған, атақты күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орталық бүгінде осында көптеп келетін қонақтар үшін мәдениет ошағына айналып отыр. Бұл жерде Құрманғазының кесенесі мен музейі орналасқан, туристер үшін қонақ үй бар. 2018 жылы мәдени орталық күрделі жөндеуден өтті. «Құрманғазы» өңірлік мәдени орталығында 40-қа жуық адам жұмыс жасайды. Олардың 25-і – домбырашылар, «Белый город» орыс музыкалық ансамблі мен «Самал» қазақ музыкалық ансамблінің әншілері. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кесене мен музейде болып, ұлы күйшінің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін экспонаттармен танысты.

muz2

- Бізге жыл сайын 1000-ға жуық адам келеді. Құрманғазы Сағырбайұлының кезіндегі қазақтардың өмірі туралы оларға мағлұмат береміз. Атырау облысы әкімдігінің және облыстың жанашыр азаматтарының қолдауымен 2018 жылдың аяғында мәдени орталыққа күрделі жөндеу жасадық. Соның арқасында орталықтың қызметі тың серпін алды. Осындай қолдауы үшін Атырау облысының халқына ризашылығымызды білдіреміз, - деді Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықтың директоры Амангелді Әбілғазиев.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика