Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Сурет ғаламтордан алынды

 Апта басынан бері елімізде көп талқыланған тақырыптың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты. Президент бұл сұхбатта еліміздің ішкі және сыртқы саясатына дейін қамтып, біраз өзекті мәселені тілге тиек етті.

Соның ішінде көңіліме ұнағаны еліміздегі көлік-логистикасының дамуы жайлы айтқаны болды. Оның айтуынша, еліміз үшін көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру – стратегиялық маңызы бар міндет. Теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, Қазақстан Еуразия құрлығының кіндік тұсында, яғни негізгі транзиттік күре жолдар тоғысқан жерде орналасқан. Жалпы, 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржолды салып, жаңғырту және 11 мың шақырым теміржолды жөндеу көзделіп отыр. Елорда мен батыс аймақтардың арасындағы қашықтықты 500-ден астам шақырымға қысқартатын «Орталық – Батыс» күре жолы құрылысының стратегиялық маңызы өте зор. Еліміздің аумағы арқылы өтетін 12 халықаралық көлік дәлізі, атап айтқанда, 5 темір жол, 7 автокөлік дәлізі бар. Қытай мен Еуропа арасында құрлықпен жеткізілетін жүктің шамамен 85 пайызы осы жолдармен тасымалданады. Бұл ретте біздің ауданда да аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Басқасын айтпағанда «Миялы-Тайсойған» тасжолының құрылысы аяқталып, аудандағы барлық округ асфальт жолмен қамтылды. Бұдан басқа округтерде ауылішілік жолдары салынып, жаяу жүргіншілерге де жол салынуда. Бір сөзбен айтқанда, ауданда көлік-логистикасы айтарлықтай дамып келеді. Бұл да болса президент саясатының беріп жатқан жемісі. Ендеше, ауданда осы бағытта жүйелі түрде жұмыстар жасала беруіне тілектеспіз.

Қанатқали КӘРІМОВ,

Тайсойған бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT