7 наурыз күні, сағат 06.30 шамасында Жангелдин ауылынан шыққан такси жүргізушісі, Жангелдин ауылының тұрғыны, Индер-Миялы-Сағыз тасжолының 260 шақырымы тұсында (Соркөл елді мекенінің маңы) жолдың үстімен қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік басқару жүйесін игере алмау салдарынан жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі суға түскен.
Такси жолаушылары аман-есен. Сағыз, Соркөл ауылдарына жеткізілді. Қазіргі таңда, тас жол бойынан қауіп жоқ. Автокөліктер қалыпты деңгейде жүргізілуде.