Биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын.
Бұл жылы қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі артып, олардың еңбектеріне қоғамның назарын аудартты десек болады. Жалпы, осындай қолдау мен қамқорлықтың арқасында жұмысшы мамандарының беделі одан әрі жоғарылап, еліміздің экономикалық әлеуеті дами түсері сөзсіз. Сондықтан, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы кез келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға мол мүмкіндіктер ашады деген ойдамын. Ең бастысы әркім жауапкершілікті терең сезініп өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сапалы сара жолына түспек.
Гүлдана МӘМБЕТҚЫЗЫ