Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлы Отан соғысына аттанған қазақстандықтардың жартысы оралмады...

 9 мамыр – Қазақстан үшін ерекше күн. Жеңіс мерекесі барлық қазақстандықтар үшін қадірлі және құрметті. Жеңіс күні майдангерлер мен тылда өздерінің қажырлы еңбегімен жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салып, маңдай терін төккен жандарды еске алуға арналған.

Сол қиын жылдары «қара қағаз» алған отбасыларға оңай тимеді... Азайып бара жатқан ардагерлер ұрпақтарымен бірге Мәңгілік алауға келіп, бұл мерекеге жете алмаған майдандастарын еске алады. Оларға – мәңгілік құрмет! Ал, біздің ұрпақтарымыз аға буынның сол сұрапыл соғыстағы ерліктері жайлы айтқан сөздерін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуі тиіс. Біз, қазақстандықтар, өзге халықтармен бірге Отанымыз үшін жауға қарсы тұрдық, соның ішінде біздің жерлестеріміз де батыл күресіп, ерлік танытты. Соғыс кезінде қазақстандықтар тек майданда ғана емес, тылда да ерлік жасаған.

Олар армияны оқ-дәрілермен, азық-түлікпен, киім-кешекпен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді. Он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Майданға 1500 вагон киім мен азық-түлік жіберілді. Басқаша айтқанда, біздің Жеңіске қосқан үлесіміз айқын болды. Қазақстанда көптеген театр қайраткерлері, кинематографистер, музыканттар, жазушылар мен ақындар шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алды. Мұнда ұлы мәдениет қайраткерлері кітаптар жазып, фильмдер түсіріп, театрлық қойылымдар қойған болатын. Соғыс миллиондаған өмірлерді қиды. Қайғы жамылған жандардың жанары көз жасынан құрғамады. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің зираттарын Волгадан Берлинге дейін табуға болады. Олардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады...

Кенес Қосыбаев,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрметті ақсақалдар кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT