Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұмысшы - сұранысқа ие мамандық

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау да басталды. Ел экономикасының дамуы мен еңбек нарығындағы сұранысты ескерсек, мұндай шешім уақыт талабы екені анық.

Қазір қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасты өзгертіп, бұл маман иелерінің еңбегін насихаттау қажет. Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атауы керемет бастама деп ойлаймын. Біздің қоғамда жұмысшы мамандығына деген көзқарас ескірді, халықтың түсінігі сонау Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан. Қазір біз сол көзқарастан арылып, өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандығының қоғам үшін маңыздылығын, аса қажеттілігін түсіндіруіміз қажет. Еліміз қазір жан-жақты дамып жатыр. Еңбек нарығына жаңа технологиялар енгізіліп,күннен-күнге техниканың түр-түрі пайдаланылып жатыр. Осылайша жаңа технологияны басқару үшін де сол саланың білікті де білімді маманына сұраныс артып келеді. Сондықтан қазір заманауи білім игерген, жаңа технологияны білетін мамандарға сұраныс жоғары. Жаңа заман талаптарына сай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру – еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, жұмысшы мамандықтарын танымал етуге ықпал етуі тиіс. Еңбек нарығында қажеттілігі жоғары мамандарды даярлау – мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты тетіктердің бірі. Жұмысшы мамандықтары – қоғамның негізін қалаушы кәсіптер. Олардың беделін көтеріп, жастарды осы салаға қызықтыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бекболат Мусин,

Білім беру саласы мен мемлекеттік қызмет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT