Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы мамандығы – ел дамуының тірегі

фото: https://alakol-aynasy.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы – ел экономикасының нақты қажеттіліктерін ескерген орынды әрі өзекті шешім. Бұл бастама – жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын арттыруға, еңбекке құрметпен қарауға үндейтін маңызды қадам.

Бүгінгі күні өндіріс, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында білікті мамандарға сұраныс артып отыр. Еліміздің әр аймағында жұмысшы кадрлар тапшылығы байқалады. Бұл – техникалық мамандықтардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін аңғартады.

Жұмысшы мамандықтарын меңгеру – жай ғана кәсіп игеру емес, бұл елдің экономикасы мен индустриясының тұрақты дамуына қосылатын нақты үлес. Заман талабына сай техниктер, дәнекерлеушілер, электриктер, механиктер мен құрылысшылар – мемлекеттің іргетасын қалаушылар қатарында. Оларсыз кез келген өндіріс тұралайды, ілгерілеу болмайды.

Осы орайда, техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Әсіресе, жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқыту, мемлекеттік гранттар бөлу, тәжірибелік біліммен қамтамасыз ету сияқты бастамалар жастардың бұл салаға деген қызығушылығын арттыра түспек.

Бүгінгі таңда тек жоғары біліммен ғана емес, нақты еңбекпен де табысқа жетуге болатынын жастар түсініп келеді. Еңбек адамына деген құрмет, оның қоғамдағы орнын бағалау – өркениетті елдердің даму жолында дәлелденген ұстаным.

Қорытындылай келе, жұмысшы мамандықтарына бет бұру – бұл жеке табыстың емес, тұтас ұлттың болашағына салынған инвестиция. Білікті маман – елдің тірегі. Сондықтан жастарды кәсіптік бағытқа баулу – бүгінгі білім беру мен қоғамның ортақ міндеті.

Сәбит Халенов,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT