Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР АРАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ФИСТИВАЛІ ӨТТІ

Еңбек адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен жандар деп айтуға болады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Яғни қоғамда еңбекқор, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс деген биік ұстаным жатыр. Әлбетте бұл баянды бастама қалың көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Айтулы жылдың құрметіне орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал еңбек - адал табыс» тақырыбында жұмысшы мамандар арасында патриоттық әндер фестивалі ұйымдастырылды. Фистивальдің мақсаты - әр сала мамандарының ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы еңбегі зор екенін насихаттау, еңбек адамдарын құрметтеу болатын.

Шараны аудандық орталықтандырылған кітапаналар жүйесінің әдіскері Гүлназ Оразова ақын Шөмішбай Сариевтың сөзіне жазылған Еркін Ынтықбаевтың «Қазақ елі» әнімен ашып берсе, ауданда орналасқан балабақша қызметкерлері де қатысып өз өнерлерін паш етті. Олардың қатарында «Балдәурен» бөбекжайының қазақ тілі маманы Аягүл Төлегенова айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазинның сөзіне жазылған Е.Ақбасовтың әні «Беу, дүниені», «Айналайын» бөбекжайының жұмысшысы Уахит Каримов Ескендір Хасанғалиевтың бұл күнде қазақ елінің бей ресми әнұранына айналған «Атамекен» әнін орындады.

Сонымен қатар «Райхан» бөбекжайының хатшысы Іңкәр Әмірғалиева Абдрахман Асылбектің «Қазақ елі осындай» әнін нақышына келтіре шырқады. Жастардың кәсіби білім алуына қолдау көрсетіп, өндірістік салада білікті кадрларды даярлауда үлкен еңбек етіп жүрген аудандық көп бейінді ауылшаруашылығы колледж атынан "Тамақтандыруды ұйымдастыру"мамандығының арнаулы пән оқытушысы Әнел Қарымсақова Әлжан Нұрлыбековтің "Жаса, қазағым", Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің "Тарих" пәні мұғалімі Мадина Успанова Төлеген Айбергеновтың сөзіне жазылған Роза Әлқожаның әні "Атамекенді" шырқаса, мәдениет үйінің қызметкері Гүлдана Сарсенғалиева Бәкір Тәжібаевтың "Туған жер" әнін, Балалар өнер мектебінің кіші қызметкері Тұрсынай Ергужина Абдрахман Асылбековтің сөзіне жазылған Бейбіт Оралұлының әні "Елім-айды" орындап көрермен қошеметіне бөленді. Бұл шарадан жүрегі елім деп соғатын, әрқашан тәуекелге бел буған құтқарушылар да қалыс қалмады.

Аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы Бисұлтан Ибраимов Елжас Әбділданың сөзіне жазылған "Мен қазақтың ұлымын" әнін шырқаса, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хатшысы Аймекен Құспанова Е.Хасанғалиевтың "Айналдым елім" әнін орындады. Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева бұл шара енді жылма-жыл жалғасатыны айта келе, барша қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар ұсынды.

Сұңқар КӨШЕКОВ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT