Күн сайын еліміз жаңарып, жолдар жөнделіп, жаңа үйлер бой көтеріп жатыр. Бұл өзгерістердің артында мыңдаған жұмысшының маңдай тері, тынымсыз еңбегі тұр.
Жұмысшы мамандығы - қарапайым көрінгенімен, күрделі шеберлік пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Құрылыс алаңында кірпіш қалайтын да, темірді кесіп, дәнекерлейтін де, жол төсейтін де осы мамандық иелері. Олар болмаса, еліміз дамымайды, өндіріс жүрмей, күнделікті тұрмыс тоқтап қалар еді.
Жұмысшы - тек құрал-сайман ұстаған адам емес. Ол өз ісінің маманы, тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанатын, әр ісіне кәсіби көзқараспен қарайтын маман.
Бұл кәсіпті таңдаған әр азамат ел дамуына, тұрмыс сапасының артуына, қала келбетінің көркеюіне тікелей үлес қосады.
Сондықтан жұмысшылардың еңбегі қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Еңбектің қандай түрі болмасын қадірлі. Ал қолымен іс тындырып жүрген жұмысшының орны әрқашан құрмет төрінен көрінуге лайық.
С.Қожағұлова
Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене
шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы