Батыс Қазақстан облысында №28 мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, жазасын өтеушіге тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.
Тексеру барысында Gold Kenya Sunset шай демдемесі қаптамаларының ішінен қою жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 19 түйіншек табылды.
Оқиға орнына Орал қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді.
Тыйым салынған заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.