Бір апта бойы облыс прокуратурасы қоғамда құқықтық тәртіп идеясын насихаттауға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды қолға алып, заңдарды түсіндіріп, кеңестер мен заңгерлік көмек көрсетеді.
Облыс орталығында халық көп жиналатын орындарда «қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылып прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері азаматтарды қабылдады.
Өңірдегі ауылдық елді мекендерге тәжірибелі қызметкерлерден құрылған мобильді топтар - «Дөңгелектегі қабылдау» шықты. Бұл тәсіл өзінің тиімділігін көрсетеді және халықты барынша қамтуға мүмкіндік береді. Бір күннің ішінде облыстың 600 астам азаматына кеңестер мен құқықтық көмек көрсетіліп, 1000 астам ақпараттықпарақшалар таратылды.
#ЗаңменТәртіп Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-