Көздіғара ауылдық округіндегі №148 учаскелік референдум комисиясында дауыс берушілер саны өсе түсті.
Түскі сағат 14.00-де дауыс берушілер саны 717-ге жетіп, барлық дауыс берушінің 69,08 пайызын құрады. Аталмыш учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Мұрат Төлеуовтің айтуынша, референдумға келіп, дауыс бергендердің қатарында зейнеткерлермен бірге әр сала мамандары, кәсіпкерлер мен жастар да бар. Олар өздерінің парызын түсініп, ұрпақ болашағының жарқын болуы үшін өз таңдауын жасады. Түстен кейін учаскелік референдум комиссиясының мүшелері Көздіғара ауылдық округіне қарасты Қосқұлақ, Бүйрек елді мекендеріне және округ орталығындағы өтініш берген тұрғындардың үйлеріне дауыс беру жәшігін апарады.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ