Ойыл ауылдық округінің 147 учаскелік референдум комиссиясына ауыл тұрғыны Мырзатай Қазиев пен Алмагүл Момынова Отан алдындағы борышын өтеп келген қос ұлымен дауыс беруге келді.
Ағайынды Тұңғышбай, Мәдіхат Егінбайлардың әскери киімдерімен келіп, таңдау жасауы бүгінгі күннің маңыздылығын ұғындырғандай. Осы орайда 147 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Айнұр Қосдәулетова жас сарбаздарға естелік сыйлық тарту етті.
Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ