Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жеті адам қаза болды

Соңғы жылдары көліктің көбейгенінен бе, әлде жүргізушілердің жауапсыздығынан ба, әйтеуір жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын болды.

Әрине, ешбір адам апатқа ұшырайын деп әдейі тәртіп бұзбасы анық. Бірақ жүргізушінің денсаулығы, алкагольді ішімдік ішкен күйінде көлік басқаруы және көліктің тексерістен өтпей, талапқа сай болмауы қайғылы жағдайдың бірден-бір себепкері болуы мүмкін.

Айта кетсек, ауданымызда жыл басынан бері орын алған 10 жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам қаза болса, 12 адам дене жарақатын алды. Сонымен қатар, биылғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзған 960 тұлғаның 31-і көлігін алкагольді ішімдік ішіп басқарғандығы анықталып, барлығы да заңдылығына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында полиция бөлімі қызметкерлері күнделікті жұмысынан бөлек түрлі шаралар өткізіп келеді.

Атап айтқанда, биылғы жылы «Құқықтық тәртіп» акциясы, «Автобус», «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Сондай-ақ, мектептерде денсаулық сақтау, білім бөлімінің мамандары мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен оқушылардың жол жүру ережелерін сақтау бағытында тақырыбында дөңгелек үстелдер, кездесу кештері, сынып сағаттары өткізіліп, барлық ауылдық округтерде «Жылдамдықты асырма» және басқа да тақырыпта бильбордтар орнатылды.

 

Асхат ҚҰЛБАЕВ,

аудандық полиция бөлімінің

жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT