«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының көрсетілу тәртібіне сай, көрсетілетін қызметті берушіге, Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап, порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні жүзеге асырылады.
Құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Құжаттар электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде қабылданады. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі), жерге орналастыру жобасы, мұнай және газды кейiн сақтау және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжаттар тізбесі тапсырылуы керек.
Азамат ҚАЛЕНОВ,
аудандық жер қатынастары, сәулет және
қала құрылысы бөлімінің бас маманы
сурет: ашық дереккөзден алынды