Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін әшкереленген шенеуніктер атқарып отырған қызметтері мен шендеріне қарамастан, заңның қатаң талаптары бойынша жауапқа тартылады.
Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесінің УГ-157/1 мекемесіне ұйымдастырылған пресс-тур барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Ж.Қаражанов айтып берді.
– Бүгін біз жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында тергеуде отырған бұрынғы әріптестеріне апару арқылы «ескерту» экскурсиясын жасадық. Мұндай экскурсиялар ұмытылмас әсер қалдырады және жемқорлық туралы қандай да бір ойдан айнытады. Бірақ, өкінішке орай, елімізде әлі де болса ашкөз және тойымсыз шенеуніктер айылын жияр емес, – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа жол берген кез келген тұлға жазадан құтылып кетпейтінін жеткізді.