Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жастарды жақсыға баулу

Құрылысшы қай кезде де құрметке лайықты мамандық. Ауданымызда бой көтерген сәнді ғимараттар мен тұрғын үйлер де осы құрылысшылардың қолынан шыққан. Қазіргі таңда да бұл сала маңызын жоймай келеді. Осыған орайда аудандық жастар ресурстық орталығында ұзақ жылдар құрылыс саласында тер төккен ардагерлермен кездесу өтті.

Бұл кездесу «Ұрпақтар сабақтастығы құрылыс өнеріндегі із» тақырыбында өтті. Ең алдымен жастар ресурстық орталығының басшысы Нұртілек Нұрбекұлы шымылдығын ашып, ардагерлерге құрмет көрсетті. Кездесуге ауданның «Құрметті Азаматтары» Елдос Бектемиров, Мәлік Мәйтенұлы, Болатбек Мусагалиев ағаларымыз қонақта болды. Ең алдымен олар өз өмір жолдары және еңбек жолдарымен таныстырып, қоғамда құрылыс саласының қаншалықты маңызды екенін айтты. Аталған кездесудің екінші бөлімі сұрақ-жауап кезеңінен тұрды. Жастар өз көкейлерінде жүрген қызықты сұрақтарын қойып, жауабын алды. Ардагерлер де бар білгенін ортаға салды. Кейіннен мен Құрылысшыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқыдым.

Шара соңында аудандық жастар орталығының атынан естелік сыйлықтар табыс етіліп, қортындыланды. Келген қонақтарда дән риза!

Ғазиз Азамат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT